Оқиға • 15 Қараша, 2024
Президент әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразия құрылтайына қатысушыларды құттықтады
Бүгін Астанада әлеуметтік кәсіпкерлердің Еуразия құрылтайы өтті. Оған аталған бағыттағы әлемдік көшбасшылар, ESG саласындағы жетекші сарапшылар, қоғамдық және халықаралық ұйымдар мен қайырымдылық қорлардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 15 Қараша, 2024
ШҚО азаматы 240 келі тірі шаянды заңсыз тасымалдаған
«Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер Өскемен – Самар тасжолында автокөлікті тоқтатып, салонынан тиісті құжаттарсыз тасымалданған көл шаяндары салынған 16 қапты тапқан.
Мәдениет • 15 Қараша, 2024
Астанада Герольд Бельгердің екі томдық жинағының тұсаукесері өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті аудармашысы, жазушы және публицист Герольд Бельгердің 90 жылдығына орай екі томдық «Таңдамалылар» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 15 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Нгуен Суан Тхангты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Хо Ши Мин атындағы Ұлттық саясат академиясының директоры Нгуен Суан Тхангпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Қараша, 2024
Енді әскери қызмет туралы мәліметтер eGov қосымшасында қолжетімді
Енді ел азаматтары eGov Mobile қосымшасы арқылы әскери қызмет туралы деректерді ала алады және жібере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.