Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Күдіктінің Өскеменге жеткізіп, сату үшін белгісіз адамдардан 240 килограммнан астам шаянды сатып алғаны белгілі болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, заңсыз әрекет салдарынан келтірілген залал 1,6 миллион теңгені құраған. ШҚО Полиция департаменті «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өңірдің экологиялық теңгерімін қорғауға және оның табиғи мұрасын болашақ ұрпақ үшін сақтауға бағытталғанын ескертеді.