Экономика • 15 Қараша, 2023
Бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2023 жылғы қаңтар-қазан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат • 15 Қараша, 2023
Ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және цифрлық активтер мәселелеріне қатысты заңды талқылады.
Теңге • 15 Қараша, 2023
Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстанның жаңа тарихи шежіресінде ұлттық валютаның енгізілгені үлкен бетбұрысқа бастады. Еліміз нағыз экономикалық және қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізді. Кеңес одағы тарағаннан кейін біздегі өндіріс ошақтары тұралап, жұмыс орындары қысқарып, агроөнеркәсіп кешенінің аяғы тұсалғаны бар. Тоқырауға ұшыраған сол тоқсаныншы жылдары ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы екі мың есеге, ауыл шаруашылығына арналған өнеркәсіп тауарларының бағасы 12 мың есеге өскен ақша қаражаты Ресейге тәуелді одақтас елдерге де оңайға соқпады. Сонымен, еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін бірінші кезекте банк жүйесінің құрылуы, екіншіден, өз ұлттық валютамыздың енгізілуі, үшіншіден, ақша-қаражаты мәселесіне байланысты жаңа инфрақұрылым түзу қажет болды. Мемлекет басшысы маңызды міндеттердің бірі ретінде ұлттық валютаның енгізілуіне аса ыждағаттылық танытты. Болашақ валютаның инфрақұрылымын дайындаудың өз кезегінде валюта биржасын ұйымдастыру, монета сарайы, банкнот фабрикасы мен алтын-валюталық резервтерге арналған қойма салуға тапсырма берілді. Ел экономикасын дамытуда ұлттық валюта жүйесі мен республикалық бюджетті құру міндеті алға қойылды. Осындай қиын кезеңде төл теңгеміздің дүниеге келуі мен ұлттық валютаны айналымға шығару ісінде басы-қасында болған, Ұлттық банктің алғашқы төрағасы, қаржыгер Ғалым Байназаровтың ерең еңбегін айрықша атауға тұрарлық.
Қоғам • 15 Қараша, 2023
Тәуелсіздік жылдары қиындығы мен қуанышы қатар өрілген Жаңатас қаласының бір қауым жұрты таяуда жаңа пәтердің кілтіне алып, мәре-сәре күй кешті. Аудан орталығында екі бөлмелі – 44, үш бөлмелі – 8, төрт бөлмелі 4 пәтері бар тұрғын үй пайдалануға берілді.
Теңге • 15 Қараша, 2023
Ұлттық валюта – теңгенің нарық айналымына енгеніне – 30 жыл. Осынау бедерлі кезеңде теңге талай сыннан өтіп, ел берекесінің ұйытқысына айналды.