Қазақстан • 07 Қараша, 2017
Көмірден газ алу жобасы көп мәселені шешеді
Үкімет үйінде өткен кезекті баспасөз мәслихатына Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі технологиясы ғылыми-зерттеу институтының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Алтай Әлімғазин мен «Көмір химиясы және технологиясы институты» ЖШС директоры, химия ғылымдарының докторы Болат Ермағамбетов қатысты. Олар биыл жаз айларында Астана қаласында ұйымдастырылған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде ұсынылған жобалар жайында әңгімелеп, тілшілердің сауалдарына жан-жақты жауап берді.
Аймақтар • 07 Қараша, 2017
Еліміздегі ең ірі жылыжай – Оңтүстікте
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ең алғаш рет жылыжайлар Өзбекстанмен қоңсы Сарыағаш ауданында пайдалануға берілген болатын. Жер төсін емген ала тақиялы ағайынның тәжірибесін алған сарыағаштық диқандардың үйіргелік жеріндегі шағын жылыжайлары жақсы табыс кіргізе бастаған соң, басқа аудандар мен қалаларда да жаппай өріс алған.
Қазақстан • 07 Қараша, 2017
– Алакөлде жүздің бе? – Жоқ! Дубай, Анталиядан артыла алмай жүрмін-ау... – Демек, тек жыл аралатып Парсы шығанағының, Жерорта теңізінің, ана жолы Тәж-Махалға аңсап барғаныңда Араб теңізінің суына жүзгеніңді қанағат етесің, сірә! Таста оларды! Тарт Алакөлге! Өкінбейсің!
Аймақтар • 07 Қараша, 2017
Павлодар облысында таза ауыз суға қолжетімділік 21%-ды ғана құрайды
Өңірдегі 380 ауылдың 78-і орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған. Ауыл тұрғындарының таза ауыз суға қолжетімділігі 21 пайыз шамасында ғана. Бұл еліміз бойынша артта қалған көрсеткіш. Жер асты су қорларын зерттеу жұмыстары да өз деңгейінде жүргізілмегені анықталды. Судың да сұрауы бар. Осы басты мәселе өңірімізге жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің көшпелі отырысында талқыланды.
Тарих • 07 Қараша, 2017
Социалистік жүйені әкелген Қазан төңкерісіне жүз жыл толды
Бүгін күллі адамзат тарихында із қалдырған, әлемде бұрын-соңды болмаған жаңа қоғамдық құрылым, тың формация коммунистік идеология арқылы басқаруға негізделіп, социалистік жүйені өмірге әкелген Қазан төңкерісіне жүз жыл толып отыр.