Партия • 17 Қараша, 2025
«AMANAT» партиясы шағын бизнеске түсетін салық жүктемесін төмендетуді ұсынады
«AMANAT» партиясы барлық деңгейдегі мәслихаттарды биылғы 1 желтоқсанға дейін оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде корпоративтік табыс салығының немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін төмендету туралы шешім қабылдауға шақырады. Бүгінде 27 аудан мен қалада салық 2-3%-ға дейін төмендетілді. Партияластардың пікірінше, бұл шара шағын және орта бизнестің фискалдық жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік береді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 17 Қараша, 2025
Фаина Мейрманова Сурдлимпиада рекордын орнатып, чемпион атанды
Бүгін Сурдлимпиада ойындарында жеңіл атлетикадан ұлттық құрама спортшылары ұзындыққа, биіктікке секіру және әртүрлі дистанцияға жүгіруден сынға түсіп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Зерде • 17 Қараша, 2025
Кубик-рубикті 1 минутта жинайтын робот жасалды
Арнайы сенсорлар арқылы кубиктің қырларын сканерлеп, түстерін анықтайтын робот алынған деректерді талдап, ең тиімді алгоритмді таңдап, күрделі логикалық тапсырма ретінде танылған кубик-рубикті дәл әрі жылдам жинайды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 17 Қараша, 2025
Бестеректегі 4 баланың өліміне себеп болған жол апатына қатысты іс сотқа жіберілді
Абай облысының Үржар ауданында төрт бірдей баланың қазасымен аяқталған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс сот қарауына жолданды. Процесс Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша ашық түрде өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 17 Қараша, 2025
Жоқ оқушыға миллиондар төленген: Үкімет жекеменшік мектептердегі заңсыз схемаларды әшкереледі
Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік қолдау жүйесін және жан басына шаққандағы қаржыландыру шеңберінде жекеменшік мектептер қызметін реттеудің жаңа тетігін жетілдіру бойынша кеңес өткізді, деп жазады Egemen.kz.