Таным • 14 Қараша, 2024
Өткен ғасыр басында Жетісу өлкесіне білімнің шырағын жағып, ағартушылық бағыт ұстанған Мамания мектебіне биыл 125 жыл толса, оның негізін қалаушылардың бірегейі Тұрысбек қажы Маманұлының туғанына 180, өмірден өткеніне 120 жыл толып отыр.
Таным • 14 Қараша, 2024
Шотланд жиһанкезінің жазбалары
1902 жылы Лондонда жарық көрген Жон Фостер Фразердің «Нағыз Сібір» атты кітабынан қазаққа қатысты біраз деректі кездестірдік. Жон Фостер Фрейзер – шотландық саяхатшы әрі журналист. 1896 жылы ол достарымен бірге велосипедпен күллі әлемге саяхат жасап, сол сапарын негіз етіп кітап жазған. Менің қолыма түскен «Нағыз Сібір» кітабының 4-тарауында 1901 жылдың 28 тамызында сәрсенбі күні ол Сібір аймағына жеткенін жазады. Осы кітабының алғысөзінде «Сібірге аса қызығушылықпен бардым. Орыстық көзқарастағы әлемді қарапайым британдық ретінде өз көзіммен көру мақсатым еді. Жайықтың арғы жағындағы ұлан-ғайыр өлкеге бару үлкен тәуекелді қажет етті. Ежелден бері адамдардың санасында Сібір ақ қар, көк мұз бен жер аударылғандардың мекені деген түсінік бар», депті. Байыптап оқысақ, автордың бұл сапарға алдын ала дайындалғаны сезіледі.
Талбесік • 14 Қараша, 2024
Табиғат жанашырлары табысқа жетті
Еліміздегі экожүйені қорғауға арналған «Алтын дала» бастамасы 2024 жылғы The Earthshot Prize экологиялық сыйлығының «Табиғатты қорғау және қалпына келтіру» аталымында жеңіске жетті. Марапат еліміздегі киіктердің санын қалпына келтіру, ерекше қорғалатын аймақтарды кеңейтудегі елеулі жетістіктер үшін берілді.
Талбесік • 14 Қараша, 2024
«Алтын Емелдегі» ерекше фестиваль
Жетісу жері мен Алатау алабын құландар ежелден мекен еткен. Бұл аймақтардағы бірді-екілі орындардың құлан атауымен астасып жатуы тегін емес. Араға жылдар салып құландардың қайта оралуы таулы өлкенің тамырына қайта қан жүгірткендей. «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи қорығында биыл екінші рет өткен халықаралық құландар фестивалі осы бір айрықша жануардың табиғатына тереңірек үңілуге шақырды.
Мәселе • 14 Қараша, 2024
Елімізде ғана кездесетін эндемик – Каспий итбалығы бүгінде жойылып бара жатқан жануарлардың санатында. Итбалықтар Каспий маңы мемлекеттерінің Қызыл кітабына енген. Дегенмен осы бір бейкүнә жануарлардың саны жыл сайын мыңдап қырылып жатқаны алаңдатады. Егер осылай жалғаса берсе, теңіздегі итбалық атаулының мүлде жойылып кету қаупі бар.