Аймақтар • 29 Қараша, 2018
Маңғыстауда «Жолда жануарға назар аудар!» акциясы өтті
Маңғыстау облысы бойынша Полиция департаменті бастығының бұйрығымен 23-27 қараша аралығында облыста жол жанындағы жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында «Жолда жануарға назар аудар!» акциясы өткізілді.
Футбол • 29 Қараша, 2018
«Астана» – «Динамо»: соңғы тур алдындағы шешуші матч
Бүгін УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңдегі бесінші тур ойындары ойналады. Бұл турда елорданың «Астана» командасы өз алаңында Украинаның «Динамо» (Киев) клубын қабылдайды. Егер жерлестеріміз бүгінгі кездесуде жеңіске жететін болса, топтан бірінші орынмен шығуға мүмкіндік туады. Ал егер тең нәтиже тіркеліп немесе жеңіліп қалатын болса бар мәселе соңғы турада шешілмек.
Қазақстан • 29 Қараша, 2018
Қ. Әбдірахманов Сирия Үкіметі және қарулы оппозиция делегацияларымен кездесті
Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астана процесінің кезекті раунды аясында Сирия Үкіметі делегациясының басшысы, Сирия Араб Республикасының БҰҰ жанындағы Өкілі Башар әл-Джаафари және делегация мүшелерімен кездесу өткізді. Сол күні СІМ басшысы Ахмед әл-Тома басқарған Сириядағы қарулы оппозиция делегациясымен кездесті, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Әдебиет • 29 Қараша, 2018
Астананың 20 жылдығына арналған «Жас ақын» жыр мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды. Байқау ережесіне сәйкес, жас ақындар «Астана – жастар жүрегінде», «Астана – жиырмадағы жас қала» және еркін тақырыпта өлеңдерін жолдаған.
Руханият • 29 Қараша, 2018
Қазақ халқының ұлы ақыны Шортанбай Қанайұлының 200 жылдық тойы өтіп, жырауға арналған деректі фильм түсірілді. Арнайы экспедиция Алматы – Талдықорған – Астана – Қарағанды және ақынның мәңгілік мекені Шет ауданының Ақсу – Аюлы ауылында зарзаман жыршысының ізі қалған жерлерінде болып, тағзым етті.