Жалпы, мен өзім Қазақ елінің салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті мен тіліне қызығатын және оны зерттейтін ғалымның бірімін. Кеңес заманындағы «Алаш орда» тарихымен де жақсы таныспын. Сондықтан көшпенділердің ұлы тарихы тек Еуропа ғалымдарын емес, Азия елдерінің ғалымдарын да қызықтырады.
Мен танысып шыққан Президенттің мақаласы көшпенділердің тарихының тереңдігін байқатады. Ұлы даланың біз білмейтін, біз зерттемеген тұстары әлі көп. Ол әлі көп зерттеледі деген пікірдемін. Аталған мақала − қазақтың руханиятына қосқан айтулы үлес. Осы мақаланы негізге алып, Қазақ елі тағы да бірқатар тарихи жобаны жүзеге асырады деп ойлаймын.
Қазақтың тарихы – бай тарих. Ұлы даланың бай тарихы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласында өте жақсы көрініс тапқан. Бұл мақала − сонау Сақтардан басталған Ұлы даланың тарихы, өмір-салты және мәдениетін толық қамтыған рухани мақала. Мақаланың бүгінгі рухани өмірдегі орны ерекше. Оны жастар жағы көбірек оқып, төл тарихымен танысулары керек.
Сон Ён ХУН,
Әлемге танымал «Хангук» шет тілдері университетінің «Орталықазиятану» кафедрасының меңгерушісі, белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кадидаты, профессор
Жазып алған Дастан АҚАШ,
арнайы «Егемен Қазақстан үшін»
Оңтүстік Корея, Сеул