Аймақтар • 27 Қараша, 2017
Келер жылы БҚО-ның 100 елді мекеніне кеңжолақты интернет барады
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында жаңа жобалар жүзеге аспақ. «Келер жылы 100-ге жуық елді мекен кең жолақты интернетпен қамтылады», деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов «Aqjai’yq» телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Әкім сағаты» хабарында.
Аймақтар • 27 Қараша, 2017
Оралда латын қарпімен шыққан кітаптардың көрмесі ашылды
Орал қаласында «Qazaq kitaptari 1929-1940 zhyl» атты кітап көрмесі ашылды. Көрмеге 1929-1940 жылдар аралығында латын қарпімен басылып шыққан 100-ден аса кітап қойылған.
Бизнес • 27 Қараша, 2017
Индустриялды аймақтың әлеуеті мол
Бүгінгі күні республиканың қай өңірінде де инвестициялық тартымдылықты тереңдетудің рөлі, мәні мен мазмұны жоғары. Бұл тұрғыда индустриялды аймақтардың тигізетін ықпалы мол. Бұған дейінгі жасалған талдаулар мен зерттеулер индустриялды аймақтар құрылған облыстарда бұл заманауи құрылым әлі қалыптасып үлгермеген өңірлермен салыстырғанда тартылған инвестиция мөлшері әлдеқайда артық екенін көрсетеді. Егер осы айтылған тұжырымды Ақтөбе облысы мысалында одан әрі нақтылай түсер болсақ, есептік кезең ішінде аймақ экономикасын одан әрі дамытуға тартылған инвестиция мөлшері -313 миллиард теңгеден асып түседі. Салыстырмалы түрде алғанда бұл жоғары сома, биік көрсеткіш. Осы арқылы Ақтөбе инвестиция тартуда республика облыстары арасында ең алдыңғы қатарға шығып отыр.
Аймақтар • 27 Қараша, 2017
Оңтүстік Қазақстанның тарихи орындары қайта жаңғыртылады
Оңтүстік Қазақстан облысындағы аудан, қалалардың дамуы бүкіл облыс бойынша бір концепция арқылы даму керек. Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы - республикадағы орта ғасырлық қалалардың болуы жағынан, көлемі жағынан, жалғыз аймақ болып табылады. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы қала құрылысы кеңесінің отырысында айтты, деп хабарлайды egeme.kz ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 27 Қараша, 2017
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Бас прокуратураның бастамасымен және Президент Әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен өтетін «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты ведомствоаралық байқау жайлы брифинг өтті.