Бағдарламалар • 05 Қараша, 2019
Жалға берілетін пәтерлерге өтінім қабылдау басталды
Жыл басында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылу салтанатында: «Жас отбасыларға арналған баспана мәселесі ірі қалаларда өткір екенін ескере отырып, Үкіметке алдымен Нұр-Сұлтанда, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін жастар үшін жылына 1 мың пәтерден кем емес құрылысты қамтамасыз ету қажет. Бұл пәтерлер жалдамалы баспана санатына жатқызылуы тиіс», деген болатын. Осыған орай өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде жұмысшы жастарға арналған жалдамалы пәтерге өтініш берудің басталғанына орай арнайы брифинг өтті.
Футбол • 05 Қараша, 2019
Жексенбі күні футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 32-тур ойындары өтті. Бұған дейінгі ел біріншілігінде чемпион команданың аты Премьер-лиганың аяқталуына 3-4 тур қалғанда белгілі болып қоятын еді. Тартысқа толы болған биылғы маусымда жеңімпаз команда біріншілік аяқталуына бір тур қалғанда анықталды.
Технология • 05 Қараша, 2019
Digital Bridge – IT-мамандарға арналған халықаралық технологиялық форум
Қазақстан астанасында «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумы жұмысын аяқтады. Digital Bridge – бұл интернет-компаниялар, технологиялық кәсіпкерлер, венчурлік инвесторлар, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, корпорациялар, IT-мамандар, блогерлер және цифрлы БАҚ үшін өтетін жыл сайынғы форум. Биыл форумға әлемнің 25 елінен 5 мыңнан астам адам қатысты.
Технология • 05 Қараша, 2019
Кремний алқабын бағындырған қазақ қызы
Соңғы жылдары Қазақстанда мектеп оқушыларының арасында өзіндік технологиялық тренд пайда болған секілді. IT, роботтехника салаларының дамуы жастардың тың жобалар ойлап тауып, іске асыруларына жол ашты. Сондай дарынды өнертапқыштардың бірі жоғары сынып оқушысы Дана Ерланова өз жобасын екі рет Кремний алқабында таныстыруға мүмкіндік алды.
Қоғам • 05 Қараша, 2019
Алдын ала дайындықтың пайдасы көп
Авиациялық және басқа техникаларды жылдың суық мезгілінде пайдалану алдын ала дайындықты қажет етеді. Күзгі-қысқы кезеңдерде жұмыс істеу және пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шаралар суық кезең басталғанға дейін жүргізіледі және мұнда тек оқу-өндірістік базасы мен жердегі қызмет көрсету құралдарын әзірлеу ғана емес, авиациялық техникадағы тренаждар да жоспарлы регламенттік жұмыстарымен ұштастырылады.