Қоғам • 05 Қараша, 2019

Алдын ала дайындықтың пайдасы көп

149 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Авиациялық және басқа техникаларды жылдың суық мезгілінде пайдалану алдын ала дайындықты қажет етеді. Күзгі-қысқы кезеңдерде жұмыс істеу және пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шаралар суық кезең басталғанға дейін жүргізіледі және мұнда тек оқу-өндірістік базасы мен жердегі қызмет көрсету құралдарын әзірлеу ғана емес, авиациялық техникадағы тренаждар да жоспарлы регламенттік жұмыстарымен ұштастырылады.

Алдын ала дайындықтың пайдасы көп

Соған орай бүгінде Әуе қорға­нысы күштері Әскери инсти­ту­ты­ның ұшақтар мен тікұшақтар паркі қысқы кезеңде ұшуларды орындауға дайындалуда. Әскери инс­титутта «Ақтөбе» және «Хле­бо­­даровка» авиациялық техни­касы мен аэродромдарын күзгі-қысқы пайдалану кезеңіне көшіру жүргізіліп жатыр.

«Ауа райы суытқанға дейін авиация ма­мандар Әуе қорғанысы күш­те­рі Әскери институтының авиа­циялық паркін құрайтын ұшақ­тар мен тікұшақтарды әзірлеуі қажет. Бір әуе кемесін қысқа дайын­дау жұмыстары жеті күнге дейін созылады, оның ішінде қозғалтқыштардың, бәсең­дет­кіштердің майларын ауыс­ты­ру бойынша монтаждау және бөлшектеу жұмыстары жүр­гі­зіледі, радиоэлектрондық жаб­дық­тар тексеріледі, сондай-ақ арқан­дарды тарту және тағы да басқа жұмыстар орындалады», деп аға инженер-әдіскер, подполковник Нұркен Жұмашев. Ол техникалық іс-шаралардың ерек­ше­ліктері туралы пікірін білдірді.

Оның айтуынша, мұнда кабина шынысының резеңке ты­ғыз­дауышына, амортизациялық тіректерге, күштік цилиндрлерге және жүйелердегі басқа да қосылыстарға ерекше көңіл бө­лі­не­ді. Электрлік, радио­тех­ни­калық және навигациялық жабдықтар, сондай-ақ өртке қарсы жүйе аса назар аударуды талап етеді.

Мұнда қысқы кезеңге авиа­ция­лық техникаларды ғана әзір­леп қоймай, Әуе қорғанысы күш­тері Әскери институтының оқу-авиациялық орталығының ұшу-нұсқаушы құрамын да даяр­лайды. Ал күзгі-қысқы кезең­де­гі даярлықтан барлық авиа­циялық персонал міндетті түрде өтеді. Ұшқыштар сынақ­тарды тапсырып, қиын метео­ро­ло­гиялық жағдайларда, күндіз және түнде, нөлдік көріну жағ­дайында ұшуларды орындай­ды. Тікұшақтарда күзгі-қыс­қы кезеңдегі практикалық даяр­лы­ғында жердегі және ауадағы апаттық жағдайлар бойынша, аспаптар арқылы ұшу және қону, «екінші айналымға» кету, «тікұшақты күрделі жағдайдан шығару» пысықталады. Сондай-ақ күн сайын іздестіру-құтқаруды қамта­масыз ету бойынша кезек­шілік атқарылады.