Елорда • Кеше

«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы орайда, бас шаһарда бүгін «Жарты ғасыр – жарқын жылдар» атты салтанатты іс-шара өтті, деп жазады Egemen.kz.

«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды

Фотолар: yandex.kz

Мерейтойға еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері, елордалық маслихат депутаттары, аталған сарайдың ардагерлері және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің арнайы ізгі тілегін орынбасары Есет Байкен жеткізіп, сарай ұжымы мен жиналған қауымды мерейтоймен құттықтады.

Елордалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов те жылы лебізін білдірді.

«Бүгінде «Жастар» Сарайы – жастардың шығармашылық және спорттық әлеуетін дамытуға арналған заманауи кешен. Елордамыздың мәдени және қоғамдық өмірінің ажырамас бөлігі ретінде жастарды шабыттандырып, рухани дамуға ықпал ету тұрғысында ерекше орын алады. «Жастар» Сарайының ұжымы кәсіби шеберлігімен, белсенділігімен және өз ісіне деген адалдығымен осы жылдар ішінде көптеген жетістіктерге қол жеткізді», деді қалалық мәслихат төрағасы.

Жастар сарайы

«Жастар» Сарайы – жас таланттарды қолдауға арналған ерекше мәдени орда, халық пен өнер арасындағы алтын көпір. Жарты ғасыр бойы елорда тұрғындарының сүйікті мекеніне айналған ғимарат – өнер мен шығармашылықты дамыту орталығы болып қана қоймай, көптеген елімізге танымал өнерпаздардың алғашқы қадамын жасаған алаң болып есептеледі.

Мерекелік кеште «Астана» эстрада-симфониялық оркестрі, «Терра» би театры, «Жігер» эстрадалық-джаз ансамблі және т.б. әртістер өнер көрсетті. Сондай-ақ тарихи құжаттар, естеліктер, сарайдың мәдени жетістіктерін көрсететін арнайы көрме ұйымдастырылды.

Жастар сарайы

Жастар сарайы

Жастар сарайы