Кино • 06 Қараша, 2023
Атыраулық Тимур Құрманов Голливуд жұлдыздарымен бірге Брюс Лидің фильміне түсті
Атырау облысы Индер ауданының орталығы Индербор кентінің тумасы Тимур Құрманов кәсіби каскадер – фильмдердегі күрделі де қауіпті трюктерді орындаушы, деп жазды Egemen.kz.
Сұхбат • 06 Қараша, 2023
Қазіргі заманда жоғары білім ұлттың экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторына айналды. Жақсы білім беру – сапалы мамандарды даярлаудың, инновациялық үдерістерден тыс қалмаудың, ғылым мен мәдениетті дамытудың кепілі. Соның ішінде шетелдік білім беру құжаттарын тану студенттердің академиялық ұтқырлығы мен мамандардың шетелде біліктілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Осы жолдағы маңызды қадамдардың бірі – жоғары білім беру біліктілігін тану туралы Токио және жаһандық конвенцияның ратификациялануы. Аталған конвенциялар Қазақстанға қандай мүмкіндіктер мен өзгерістер алып келетінін Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы директорының орынбасары Ержан ІРГЕБАЕВТАН сұрап көрдік.
Өндіріс • 06 Қараша, 2023
Өңірде автокөлік өнеркәсібі ілгерілеген сайын, білікті техника мамандарына деген сұраныс артып келеді. Облыс орталығындағы «Сарыарқаавтопром», «Агромашхолдинг», «Агротехмаш», Қостанай трактор зауыты сияқты ірі өнеркәсіп орындарына маман даярлайтын Қостанай автомобиль көлігі колледжі – осы сұранысты өтеп отырған бірден-бір білім ордасы. Бүгінде автоматтандырылған цифрлы өндіріске негізделген іргелі зауыттардың техникалық инженерлері, слесарь, токарь, шанақ дәнекерлеуші секілді мамандарының дені – осы колледжде еңбек ететін тәлімгер-ұстаз, Алтынсарин төсбелгісінің иегері Сергей Булаттың шәкірттері.
Таным • 06 Қараша, 2023
Балабақшадағы тәрбиенің заманауи үрдістері
Баланың бақшаға баратын шағы – жауапты кезең. Өйткені ол қоғаммен енді араласа бастайды. Дәл осы сәтте баланы тәрбиелеу жұмысы жүйелі жүргізілуі қажет. Осыған байланысты Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы Президент орталығымен бірлесіп, «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың заманауи үрдістері» атты «QARLYGASH-2023» II халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Мектеп • 06 Қараша, 2023
Облыстың ауылдық жерлеріндегі ескі мектептердің мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Биыл бірнеше елді мекенде жаңадан білім беру ұйымдары салынып, соның бірі жуықта алыстағы Қаражар ауылында ашылды.