Саясат • 07 Қараша, 2024
Камала Харрис жеңілісі жайында пікір білдірді
АҚШ-тағы президенттік сайлау қарсаңында жеңілген Камала Харрис өзінің жақтастарының алдында сөз сөйлеп, өзін қолдағандарды үміт үзбеуге және бұл жеңіліс демократиялық құндылықтар үшін болған күрес деп қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қараша, 2024
Павлодарда оқу онлайнға ауыстырылды
Павлодарда секундына 14-25 метр жылдамдықпен жел соғып, ауа температурасы - 1 градусты көрсетіп тұр. Осыған байланысты қалада 1-11 сынып оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттерінің сабақтары онлайнға ауыстырылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Қараша, 2024
Еліміздің екі өңірінде «жайлы мектеп» ашылды
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қостанай облысының Арқалық, Жамбыл облысының Тараз қаласында жайлы мектеп ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 07 Қараша, 2024
«Үздік спорт журналисі» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін спорт тақырыбына маманданған БАҚ өкілдері арасында белгілі қаламгер, көрнекті көсемсөз шебері, қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға материалдар қабылдау басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 07 Қараша, 2024
Боччадан ел кубогі мәресіне жетті
Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев Боччадан ел кубогі жолындағы жарыстың жабылу рәсіміне қатысты. Сайыс 3-6 қараша күндері өтті. Оған еліміздің 14 өңірінен 86 параспортшы қатысты.