Мәдениет • 05 Қараша, 2024
Қазақстан мен Францияның мәдениет министрлері маңызды келісімдерге қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары қарсаңында Парижде Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Францияның мәдениет министрі Рашида Датимен кездесті. Кездесуде Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 05 Қараша, 2024
«Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары»: Францияда отандық көрменің ашылуы өтті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары аясында Париждегі Гиме Азия өнерінің ұлттық музейінде «Қазақстан: Ұлы Дала жауһарлары» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 05 Қараша, 2024
Жетісу облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы тағайындалды
Жетісу облысы әкімінің өкімімен облыстың Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып Нұрбол Төлендіұлы Ботабеков тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 05 Қараша, 2024
Мемқызметшілерге сыйақы төлеуге тыйым салынбайды - министрлік
Қаржы министрлігі осыған дейін Үкімет қаулысына сай кейбір кірістер мемлекеттік қызметшілерге сыйақы ретінде төленбеуі тиіс деген болатын. Осыған байланысты қоғамда түрлі пікір қалыптасты. Министрлік бюджетте сыйақы ретінде қарастырылған қаржы сол мақсатта жұмсалу керек екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 05 Қараша, 2024
Молдова президенті қайта сайланды
Молдованың қазіргі президенті, Еуропа елдерімен етене жақын араласуды жақтайтын Майя Санду президент сайлауының екінші турында сайлаушылардың 55 пайыз даусымен жеңіске жетті. Дауыстарды санау аяқталмалмай жатып-ақ Сандудың қарсыласы, елдің бұрынғы бас прокуроры Александр Стояноглоның оны қуып жете алмайтыны белгілі болған. Шешуші сәтте Санду шетелдегі отандастары берген дауыс нәтижесінде жеңіске жетті.