Көрме • 05 Қараша, 2024
Мемлекеттік Орталық музейде «Қазақстан. Қытай. Ресей. Қуат палитрасы» деп аталған халықаралық фотокөрме ашылды. Ауқымды жоба көрші мемлекеттер арасындағы мәдени ынтымақтастықты нығайтып, стратегиялық байланыстарды өрістетуге бағытталып отыр.
Өндіріс • 05 Қараша, 2024
Жеңіл өнеркәсіптің өрісі кеңейеді
Облыс орталығында орналасқан «Turkistan» индустриялық аймағында жеңіл өнеркәсіп бағытында жұмыс істеп жатқан кәсіпорындар аз емес. Солардың бірі – ашылғанына жылға жуықтаған «Қазақстан 2023 Қытай» ЖШС. Былтыр облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен аудандардың, тиісті басқармалардың басшылары және өңірдегі кәсіпкерлердің Қытай Халық Республикасына жасаған сапары аясында 10 компаниямен 2 трлн 648 млрд теңгені құрайтын меморандумға қол қойылған болатын. «Қазақстан 2023 Қытай» кәсіпорны да екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығының нәтижесінде ашылып отыр.
Бокс • 05 Қараша, 2024
Черногорияның Будва қаласында жастар арасында бокстан әлем чемпионаты түңлігін түсірді. 22 қазанда басталып, 3 қарашада мәресіне жеткен әлемдік додада жас боксшыларымыз 17 медаль олжалап, жалпы есепте топ бастады.
Шаруашылық • 05 Қараша, 2024
Тиянақты шаруаға – ұтымды несие
Айдос Исмаил 2018 жылдан бері «Исмаил А.Б.» жеке шаруашылығының жұмысын дөңгелетіп келеді. Мал шаруашылығымен айналысуды мұрат тұтқан еді, үміті алдамады. Асыл тұқым сиыр өсіруді қолға алды. Қостанай өңіріне арнайы сапарлап барып, Қаракеңгірдегі шаруашылығына ақбас сиырлар сатып әкелді. Бұған қоса жылқы өсіруді де ойластырды.
Байқау • 05 Қараша, 2024
«Alash» балалары Түркияда топ жарды
24–29 қазан күндері Түркияның Белек қаласында «Belek International Youth Cup 2024» халықаралық турнирі өтті. Додаға Түркия, Өзбекстан және елімізден барған бірнеше команда қатысты.