Экономика • 03 Қараша, 2025
Қазан айында инфляция 12,6%-ға баяулады
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, инфляция 2025 жылғы қазан айындағы есеп бойынша 1 жылда – 12,6%-ды, бір айда – 0,5%-ды құраған. Қыркүйекте жылдық көрсеткіш 12,9% құраған еді, деп жазады Egemen.kz.
Энергетика • 03 Қараша, 2025
Гидроэнергетикалық жобалар: Оңтүстік Корея Қазақстанға қалай көмектеспек?
Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов пен «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры Жандос Нұрмағанбетов Корея Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапарды Азия Даму Банкі (АДБ) ұйымдастырды. Сапар мақсаты – активтерді басқарудағы құзыреттілікті арттыру және гидроэнергетиканы дамыту саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін зерделеу, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 03 Қараша, 2025
«Таза Өскемен» кәсіпорнының бұрынғы басшысы 120 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді
Шығыс Қазақстан облысында «Таза Өскемен» коммуналдық кәсіпорнының бұрынғы директоры мен оның серіктестері қала көшелерін күтіп ұстауға бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес, мемлекетке 120 миллион теңгеден астам залал келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фотогалерея • 03 Қараша, 2025
Батыс Алтайды барлау (фоторепортаж)
Тұмса табиғатқа жыл он екі ай болмаса да, күздің күндері жүйелі түрде әуеден рейд жасалып тұрады. Бұл жолы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен табиғатты қорғау полициясы мамандары Батыс Алтайды әуеден барлап қайтты. Заң бұзушылық та жоқ емес, деп жазады Egemen.kz.
Логистика • 03 Қараша, 2025
Қазақстан мен Сербия арасында тікелей әуе рейстері іске қосылды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан мен Сербияның бас шаһарлары арасында тікелей әуе қатынасы іске қосылды, оған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары кезінде қол жеткізілді. Жоба еліміздің Сыртқы істер министрлігі мен Сербиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен мүмкін болды, деп жазады Egemen.kz.