Энергетика • 03 Қараша, 2025

Гидроэнергетикалық жобалар: Оңтүстік Корея Қазақстанға қалай көмектеспек?

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов пен «KAZENERGY» қауымдастығының Бас директоры Жандос Нұрмағанбетов Корея Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапарды Азия Даму Банкі (АДБ) ұйымдастырды. Сапар мақсаты – активтерді басқарудағы құзыреттілікті арттыру және гидроэнергетиканы дамыту саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетін зерделеу, деп хабарлайды Egemen.kz.

Гидроэнергетикалық жобалар: Оңтүстік Корея Қазақстанға қалай көмектеспек?

Фотолар. Энергетика министрлігі

Энергетика ведомствосының мәліметінше, делегация Теджон қаласында Кореяның су ресурстары корпорациясы (K-water) дайындаған техникалық бағдарламаға қатысты. Бағдарламаға су-ресурстық саясат мәселелері, гидроэнергетиканың заманауи технологиялары, сондай-ақ орта ГЭС жобаларын іске асыру және қаржыландыру тәсілдері кірді.

Сапар аясында K-water интеграцияланған су ресурстарын басқару орталығына және Теджон көп мақсатты бөгетіне (Daecheong Dam) таныстыру сапарлары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Korea Midland Power Co., Ltd. (KOMIPO), Korea South-East Power Co., Ltd. (KOEN), Korea Hydro & Nuclear Power Co., Ltd. (KHNP) және Korea Overseas Infrastructure & Urban Development Corporation (KIND) компанияларымен кездесулер өтті. Тараптар Қазақстанның оңтүстік-шығысында каскадты гидроэнергетикалық жобаны бірлесіп іске асыру перспективаларын талқылады.

Энергетика министрлігіАталған сапар Қазақстанның таза, сенімді, тұрақты энергетикалық жүйе құру жөніндегі жұмыстарына қосымша серпін беріп, халықаралық ынтымақтастықты нығайта түседі.

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Кеше

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Кеше

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Кеше

Қазақстанда мал ауруы 51%-ға төмендеді

Шаруашылық • 12 Желтоқсан, 2025