Аймақтар • 10 Қараша, 2020
Шымкенттің өндіріс қуатын арттыратын 14 жоба жыл соңына дейін іске қосылады
Шымкент қаласында дағдарысқа қарсы іс-шара аясында және өндірісті дамыту үшін 37,5 млрд теңгеге 21 жоба іске асырылып, 802 жұмыс орнын құру жоспарланған болатын. Қазіргі таңда осы бағдарлама шеңберінде 6,3 млрд теңгеге 7 жоба іске қосылып, 222 жаңа жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін 14 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде қалада өндіріс қуатын арттыруға өз үлесін тигізеді. Бұл туралы Үкіметтің онлайн өткен мәжілісіне Премьер-Министр А.Маминге Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен дағдарысқа қарсы атқарылған іс-шаралар жөнінде баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 10 Қараша, 2020
Экономиканың нақты секторы өсім қарқынын көрсетті
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы қаңтар-қазандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 10 Қараша, 2020
3 адам қайтыс болды: Алматы облысында үй өртенді
Талғар қарасында тұрғын үй өртеніп, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Тағайындау • 10 Қараша, 2020
Алматыда Кәсіпкерлер палатасының директоры тағайындалды
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімімен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып Айтуар Қошмамбетов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 10 Қараша, 2020
Шымкентте инвестиция көлемі 10 айда 54,7 пайызға артты
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен онлайн форматта Үкімет отырысы өтті. Жиында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.