Тағайындау • 10 Қараша, 2020

Алматыда Кәсіпкерлер палатасының директоры тағайындалды

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімімен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры болып Айтуар Қошмамбетов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда Кәсіпкерлер палатасының директоры тағайындалды

Бұған дейін ол Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорың орынбасары қызметін атқарған.

1986 жылы 29 қарашада Мәскеу қаласында дүниеге келген Қошмамбетов Айтуар Асқарұлы 2008 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Халықаралық құқық" мамандығы және 2012-2014 жылдары Экономика және құқық академиясының "Құқықтану" мамандығы бойынша магистратурасын аяқтаған.

Жамбыл облысы Қордай ауданының прокуратурасында прокурордың аға көмекшісі лауазымында 2009-2010 жылдары жұмыс істеген А.Қошмамбетовты Алматы қаласының мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасында директордың құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары, ASIA INVEST LTD ЖШС көпсалалы холдингінде ұзақ жылғы жұмыс тәжірибесі бар.

2018 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Кәсіпкерлер Палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

2020 жылдың қазан айынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде директорлар кеңесінің мүшесі.

Алматы қаласы әкімінің, "Атамекен" ҰКП Басқарма Төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталған, Әділет министрлігінің төсбелгісі бар.