Әлем • 06 Қараша, 2022
Бразилияда өткен президент сайлауында солшыл бағыттағы Луис Инасиу Лула да Силва жеңіске жетті. Айта кетерлігі, ол бұған дейін 2003-2010 жылдары мемлекет басқарған еді. Көпшілікке Лула есімімен жақсы таныс саясаткердің ел тізгінін қолына ұстауын халықаралық қоғамдастық жылы қабылдады.
Әлем • 06 Қараша, 2022
Финляндия мен Швеция НАТО құрамына мүше бола алмай келеді. Өйткені Мажарстан мен Түркия келісім бермей отыр. Қойылған талаптар орындалмайынша, Будапешт пен Анкара шешімдерін өзгертпейтіндерін мәлімдеді.
Қаржы • 06 Қараша, 2022
Микроқаржы нарығы: Мәселелер мен міндеттер
Микроқаржы нарығы – әлеуетті сектор. Бұл секторға қаржылай шағын несие беретін ұйымдардан бөлек, онлайн-фирма, ломбард және несие серіктестіктері кіреді. 2021 жылы барлық банктік емес ұйымды лицензиялау толық аяқталды. Басқарушы құрамға біліктілік талаптары қойылды, қаржылық орнықтылық нормативтері бекітілді, қарыздық жүктемені шектеу бойынша шаралар қабылданып, займды беру қауіпсіздігіне байланысты техникалық талаптар қатаңдатылды. Сөйтіп, сала бұған дейінгі сенімсіз көзқарастан арылып, толық нарыққа айналды.
Қоғам • 06 Қараша, 2022
Кибералаяқтардан қалай қорғанамыз?
Ел ішінде ауызын ашқан аңқауды әп-сәтте аңқитып кететіндердің түр-түрі бар. Алдыңнан атып шыға келетін жалт-жұлт еткен жарнамалардың да жарға итере салатындары жоқ емес. Ондай жарнамаға сендім дегенің – жел сөзге ердім дегенің. Оның үстіне бүгінде екінің бірінің басында несие барын білетін алаяқтар қарапайым халықты «несиеңді жауып беремін» деп те алдайтын болған.
Қоғам • 06 Қараша, 2022
Ел ішінде жиі айтылатын «Өзгенің ақылымен зерделі бола алмайсың, өзгенің даңқын иеленіп абыройлы бола алмайсың» деген сөз бүгінгі қоғам үшін көкейкесті.