Руханият • 27 Қараша, 2024
Қазақ хандығының қазығы қағылып, туы көтерілген киелі Шу өңірі – әлімсақтан сөз зергері Бөлтірік шешен, Сауытбек, Қуандық, қыл қобызды Бармақ, Жақсыбай, Қылышбай, Жидебай, т.б. ақындарымыздың кіндік қаны тамған отаны.
Көрме • 27 Қараша, 2024
Шығармашылықтағы жаңа мүмкіндік
Мемлекеттік орталық музейде белгілі суретші Болат Мұхамедиевтің «Уақыт резонансы» атты жеке көрмесі ашылды. Көпқырлы талант иесінің 50 жылдық шығармашылық жолын қамтыған өнер жәрмеңкесі руханият ордасы Алматының мәдениет кеңістігіндегі елеулі оқиға деп атауға болады.
Тағзым • 27 Қараша, 2024
Есік мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Еуразия далалық өркениеті: тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу, сақтау және пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында V Есік оқулары – халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Іс-шара қазақ археологиясы мектебінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның ежелгі және орта ғасыр тарихын зерттеуші, көрнекті археолог-ғалым Кемел Ақышевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды.
Өнер • 27 Қараша, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы. Адамның өзін-өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі. Интеллектуалды ұлт дегеніміз де – осы. Осыған орай, Абай сөзі ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет», деген тұжырымы, шын мәнінде, ойлы оқырманның қай-қайсысының да санасына сәуле құяры хақ. Соның айқын айғағы болса керек, «Астана Опера» театрында өткен Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбіловтің қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған «Толық адам. Ой толғау. Хәкім Абай» монооперасы зор табыспен өтті.
Руханият • 27 Қараша, 2024
Хат танитын қазақтың бәрі білуі керек. Өте көне ғасырдан бері келе жатқан «Аязби» дейтін ертегі бар. Ертеде Мадан деген хан болыпты деп басталады, ол өзінің қырық уәзірі арқылы жер бетіндегі ең жаман (болашақ Аязби) адамды іздестіреді. Уәзірлер «ең жаман адам» деп біреуді алып келеді. Оған «атың кім?» десе, «Жаманмын» деп жауап береді.