Фото: Ведомство. Телеграм
Министр азаматтарды қабылдап, Арал теңізін сақтау мәселесі туралы сұрақтарға жауап берді.
«Жыл басынан бері Солтүстік Аралға шамамен 2 млрд текше метр су жіберілді. Бүгінде теңіздегі судың жалпы көлемі 22 млрд текше метрге жетті. Су дипломатиясы мен Орталық Азиядағы әріптестерімізбен тығыз жұмыстан бөлек, теңізді толтыруда су үнемдеу технологияларын енгізу де маңызды рөл атқарады. Жаңа технологияларды енгізудің нәтижесінде биыл Қызылорда облысының шаруалары 200 млн текше метрге жуық су үнемдеді. Бұл су Солтүстік Аралға жіберілді. Мәселе өте маңызды, біз оны жан-жақты қарастырып, үнемі бақылауда ұстаймыз», деді министр Нұржан Нұржігітов.
Еске салайық, министр Түркіменстанда өткен көрші елдермен келіссөздер қорытындысы бойынша 1-ші сәуірге дейін Шардара су қоймасына 11 млрд текше метр су жіберу туралы келіскен болатын. Бұл еліміздің оңтүстік аймақтарына 2025 жылғы суару маусымы үшін қажетті су көлемін жинауға мүмкіндік береді.