Туризм • 25 Қараша, 2023
Қазақстан делегациясы «ШЫҰ 2023 – Туризм жылы» форумына қатысты
Қытайдың Үрімші қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы ҚХР-ның Шыңжаң – Ұйғыр автономиялық ауданының Халық үкіметімен бірлесіп ұйымдастырған «ШЫҰ 2023 – Туризм жылы» атты форум өтіп, оған Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев, Қазақстанның Қытайдағы Елшісі, Алматы қаласы мен Ақмола облысы әкімдіктерінің өкілдері, отандық туроператорлар мен Қытайдағы Елшілігінің қызметкерлері қатысты. Шанхай ынтымақтастық ұйымы Мемлекет басшыларының кеңесі 2023 жылды туризм жылы деп жариялаған еді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 25 Қараша, 2023
Еліміздің ең үлкен туы: Ашылу рәсімі өтті
Астанада Maqsut Narikbayev University бірінші курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек» сарайында өткен шараға Асхат Аймағамбетов, Айдарбек Ходжаназаров, Ләйлә Сұлтанқызы, Елнұр Бейсембаев және тағы басқа танымал тұлғалар қонақ болып қатысты.
Қоғам • 25 Қараша, 2023
Бибігүл Жексенбай: Сенімді күшейткен 365 күн
Уақыттың зымырап өтіп жатқанын байқамай да қаламыз. Қазақстан Президентінің сайлауы деп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлау алды бағдарламасын зерделеп, сайлау барысын бақылап, телемарафонда жиналып, тікелей эфирде 16 сағат бойы үміт, сенім, ой-пікірлерімізбен жарыса бөліскеніміз күні кеше сияқты еді.
Үкімет • 25 Қараша, 2023
Инвестициялық ахуалды дамытуға үлес қосқан компаниялар марапатталды
Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысы аясында Премьер-министр Әлихан Смайылов Шетелдік инвесторлар кеңесін және жалпы республиканың инвестициялық ахуалын дамытуға қосқан үлесі үшін компанияларға алғыс хаттар табыс етті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 25 Қараша, 2023
Өңдеу секторын жедел дамытуға басымдық беріледі – Премьер-министр
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Шетелдік инвесторлар кеңесінің аралық отырысын өткізді. Онда Қазақстандағы инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша шаралар мен ұсыныстар талқыланды. Премьер-министр Қазақстан Үкіметінің алдында 2029 жылға қарай экономика көлемін $450 млрд-қа, яғни, екі есеге арттыру бойынша ауқымды міндет тұрғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.