
Фото: Primeminister.kz
Нақты атағанда, Coca Cola Içecek Kazakhstan, Microsoft, Baker & McKenzie, Cameco Kazakhstan, Chevron Corporation, Deloitte, Exxon Mobil, Glencore, Marubeni компанияларына және т. б. берілді.
«Осы жылдары бірлескен күш-жігердің арқасында жаңа өндіріс орындары іске қосылды, ірі жобалар жүзеге асырылды, ең бастысы, мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Ынтымақтастығымыз өзара тиімді болып, үлкен перспективаларға жол ашып, тұрақты түрде дами беретініне сенімдімін. Қазақстан Үкіметі инвестициялық байланыстарды тереңдетіп, жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын», деді Премьер-министр.
Анықтама ретінде айта кетсек, Шетелдік инвесторлар кеңесі Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңестің негізгі міндеті – Қазақстанның инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау, инвестициялық ахуалды жақсарту және ҚР инвестициялар туралы нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу. Қазіргі уақытта Кеңес құрамына 33 ірі трансұлттық шетелдік компания мен халықаралық ұйымдар басшылары, сондай-ақ шетелдік тараптан 9 бақылаушы кіреді.