Қазақстан • 30 Қараша, 2018
Қ.Тоқаев ТМД Парламентаралық Ассамблеясының шараларына қатысты
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық парламентшілер Санкт-Петербургте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының шараларына қатысты, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 30 Қараша, 2018
Қазығұрт ауданында өңдеу өнеркәсібіне басымдық берілуде
Түркістан облысының Қазығұрт ауданында жемістер мен көкөністерді өңдеуге басымдық берілуде. Бұл орайда құны – 50 млн. теңгелік «Unifrutti gold» ЖШС-нің диеталық пюрелер шығару жобасы жүзеге асырылды.
Қазақстан • 30 Қараша, 2018
Астана қаласының тұрғыны Самғау Нәсіпхан дейтін бауырымыз бар. Осы жігіт аса бір риза кейіппен: «Мен Елбасының ілтипатына бөленген адаммын» дегенді үнемі айтып жүреді. Расында солай. Самғаудың туған жері – Шыңжаң өлкесіне қарасты Алтай аймағы, соның ішінде еліміздің шығыс шекарасымен ірге ұштасып жатқан Қаба-Буыршын ауданы. Өзінің айтуынша, ата-анасы ауылдың қарапайым да, қаражон адамдары болыпты. Бірақ нағашысы өңірге өнерімен танылған шебер екен.
Қазақстан • 30 Қараша, 2018
Шамалған ауылындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы осыдан бір жыл бұрын ашылған болатын.
Қазақстан • 30 Қараша, 2018
«Мына фото 1956 жылы Алматы қаласының іргесіндегі Шамалған ауылында түсірілген екен. Алдыңғы қатарда отырған үш адамның сол жақтан біріншісі – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Ортадағы әйел – Ирина Костицына. Бұл қыз Ресейдің Тамбов облысының тумасы екен. Тағдыр жазуымен Шамалған ауылына келіп, сегіз жылдық орта мектепте ұстаз болған. Шетте отырған еңселі қарияның аты – Жылқыбай Қарасаев. – Бұл кісі бізге математикадан сабақ берді, өте қатал, тым талапшыл адам еді», дейді жәдігердің тарихы туралы мәлімет берген елорда тұрғыны, Елбасының жақын досы һәм сыныптасы Сәдуақас аға Есімбай.