Волонтер • 26 Қараша, 2024
Алматы қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мақсатында волонтерлік ұйымдардың слеті өтті.
Қоғам • 26 Қараша, 2024
Бетбұрыс баянды болсын десек...
Президент былтырғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Жолдауында еліміздің стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу екенін атап айтып, Үкіметтің алдына агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау міндетін қойғаны мәлім. Осыған орай ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған дәрежеде қуатты қолдау көрсету және салада іске асырылып жатқан реформа оң нәтижесін бере бастады.
Қаржы • 26 Қараша, 2024
Заңсыз активтің қайтарылуы қай деңгейде?
Кейінгі жылдары қазынадан ұрланған қаражатты шетел асырып, өзге елде зәулім сарай тұрғызудан алдына қара салмағандардың мәселесі майшаммен қарала бастады. Өйткені әлеуметтік әділдікті қалпына келтірудің басым бағыты қайтарылған активтерді халық игіліне жарату болып отыр. Осы бағыттағы жұмыстың белсенді іске бастағанына екі жылдан асты. Содан бері құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар, түрлі министрліктер мен ұлттық банктердің бірлескен кешенді жұмысы нәтижесінде шамамен 1,7 трлн теңге қазынамызға қайта түскен.
Өндіріс • 26 Қараша, 2024
Алтын өндіру зауыты іске қосылды
Абай облысында құны 1 млрд теңгені құрайтын алтын өндіру зауыты жұмысын бастады. Көкпекті ауданындағы алтын-күміс қорытпасын шығаратын жаңа кәсіпорын қараша айында өндірістік пайдалануға берілді.
Жоба • 26 Қараша, 2024
Серіктестікке серпін берген қадам
«ҚМГ» мен «Татнефть» «Қаратон Подсолевой» учаскесінде тереңдігі 5500 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауға кірісті. Атырау облысында бұрғылау жұмыстарын бастау рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) басқарма төрағасы Асхат Хасенов және «Татнефть» ЖАҚ бас директоры Наиль Маганов, сондай-ақ ҚМГ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев қатысты.