Медицина • 26 Қараша, 2024
Жасанды интеллект – маман көмекшісі
Түркістан қалалық емханасында аймақтық қызметкерлердің жұмыс жүктемесін азайту, халықпен хабарласудың тиімділігін арттыру мақсатында жасанды интеллект көмегі енгізілген. Бұл өз кезегінде мейіргерлердің уақытын, жұмыс күшін үнемдеуге көмектеседі. Жасанды интеллект пациенттерді дәрігердің қабылдауына, скринингтік тексеруден өтуге, флюорография-рентгенге түсуге, балаларды екпе алуға шақырады.
Айбын • 26 Қараша, 2024
«Айбын» полкі сарбаздармен толықты
Өткен сенбіде Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің әскери бөлімдерінде биылғы күзгі шақырылымның мерзімді әскери қызмет сарбаздары әскери ант қабылдады.
Әскер • 26 Қараша, 2024
Әскердегі дәстүрлі қадамдардың бірі – ант қабылдау. Алматыда 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Мемлекеттік күзет қызметі айрықша мақсаттағы күштер «Батыр» президенттік полкі 0111 әскери бөлімінің сарбаздары Әскери ант қабылдады. Республика өңірлерінен әскери борышын өтеуге келген 89 сарбаз тәжірибелі офицерлердің даярлығынан өтіп, Отан алдындағы борышын адал атқаруға, әскери қызметін бұлжытпай орындауға ант берді.
Спорт • 26 Қараша, 2024
Шағын футболдан УЕФА рейтингі жаңартылды. Қарт құрлықтың ең үздік командалары арасында еліміздің құрамасы төртінші орынға тұрақтады. Жиған ұпайымыз – 1040. Алдымызда – Румыния (1540 ұпай), Әзербайжан (1425), Сербия (1305). Сондай-ақ ТОП-10 команданың қатарына Болгария (855), Франция (815), Словакия (745), Черногория (685), Мажарстан (665), Чехия (655) еніп отыр.
Әскер • 26 Қараша, 2024
Қордай ауданындағы шекара қызметіне әскерге шақырылған сарбаздардың салтанатты түрде ант қабылдау рәсімі ұйымдастырылды. Күзгі шақырылым аясында Отан алдындағы борышын өтеуге келген сарбаздардың жүзінен жауапкершілік табын айқын аңғардық.