Аймақтар • 25 Қараша, 2025
Ақтауда жаңа теңіз порты салынады
Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және транзиттік әлеуетті нығайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Маңғыстау облысында жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 25 Қараша, 2025
Елімізде бес ірі трансшекаралық хаб іске қосылады
Бүгінгі Үкімет отырысындағы күн тәртібінде трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері мен Қазақстан Республикасында қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы қаралады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 25 Қараша, 2025
Алматы облысында болған жол апатынан алты адам қаза тапты
Жол-көлік оқиғасы Алматы–Бішкек тас жолының 65-шақырымында болған. Салдарынан бес адам жарақат алып, алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 25 Қараша, 2025
Мемлекеттің экономикадағы үлесі: Нарық талабы не дейді?
Халықаралық валюта қоры миссиясы ел экономикасында артық жүктеме байқалуы мүмкін деп жобалап отыр. Қор дерегінше, 2025 жылы ІЖӨ мұнай өндірісі мен ішкі сұраныс есебінен 6%-дан жоғары өседі. Алайда инфляция 13%-дан асып кеткен. Бұған жұмсартылған бюджет саясаты, тұтынушылық несиелердің өсуі, Ұлттық қордан бөлінетін ірі трансферттер себеп болған.
Қоғам • 25 Қараша, 2025
Астанадағы ботаникалық бақта спорттық жүгіруден кезекті Taldau Run өтті. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту бағытындағы бастамаларын қолдау мақсатымен ұйымдастырылған іс-шараға Taldau Community-ден 200-ден аса адам, сондай-ақ саламатты өмір салтын дәріптеп жүрген Парламент депутаттары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен талдау құрылымдарының өкілдері қатысты. Олардың қатарында Қарағандыдан арнайы келген бірінші өңірлік талдау мектебінің тыңдаушылары да бар.