100 • 22 Қараша, 2019
«Егеменнің» екі ардагері деп сөз бастауға, бірінің жиырма бесте жалындап, екіншісінің отызында орда бұзған шақтағы бейнелері қаламыңды еріксіз кідіртеді. Туғандарына биыл 102 және 110 жыл толғандары ойға оралады. Сондықтан айтар сырды ағалардың жас шағы деп бастайсың.
Руханият • 22 Қараша, 2019
Бір нәрсе анық. Күнделік те, хат та бір жанр. Кісі баласы басқасын қайдам, бұл бағыттағы жазбаларында жалған сөйлей алмайды. Ол ойдан шығару, қосу, алу емес, нақты ой, деректерге негізделген кісілік келбетінің көрінісі, жүрек лүпілі, жүрек сөзі. Бұл жазбалар үстінде оған шындықпен бетпе-бет болуға тура келеді. Сондықтан арының алдында ақ. Кісінің бір-бірінің бағасын білуі, құрметтеуі де оның өне бойында шүпілдеп тұрады. Тіпті мазмұны, көркемдігі тұрғысынан әңгімеге бергісіз хаттар да болған. Оған мысал келтірсек, алыстап кетеміз.
Парламент • 22 Қараша, 2019
Халықаралық әріптестікті арттыратын құжаттар қабылданды
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның төрағалығымен палатаның жалпы отырысы өтті. Онда халықаралық бірқатар құжат ратификацияланды.
Алаш аманатын абыроймен арқалап болашаққа бағдар бұрған ұлт үнпарағы «Egemen Qazaqstan»-ның ғасыр биігіндегі ғибратты тойы – мұқым қазаққа ортақ мереке, айтулы сәт. «Ұшқыннан» от алып, кемел келешекке батыл қадам басқан ел газетінің рух мұзартынан үздіксіз үн қатып келе жатқанына – 100 жыл! Тұтас ғасыр ұлт шежіресін тасқа қашаған қарашаңырақ басылымның дәуір тынысын бедерлеудегі тарихы да, тағылымы да теңдессіз. Күні кеше сол тарихтың тағылым биігінен үн қатқан ұлағаты ұлықталды. Күллі қазақ көз тіккен мерейлі сәт елорда төрінде салтанатты түрде аталып өтті.
Қазақстан • 21 Қараша, 2019
Нұрсұлтан Назарбаев «Тыраулап ұшқан тырналар» спектакліне барды
Елбасы Қазақстанның халық әртісі, театр және кино режиссері Талғат Теменовтің Валентин Ежовтың пьесасы бойынша сахналанған «Тыраулап ұшқан тырналар» қойылымын тамашалады. Бұл туралы Тұңғыш Президенттің ресми сайты хабарлады.