Аймақтар • 18 Қараша, 2017
Атырауда ақын Өтеген Оралбаевтың шығармашылық кеші өтті
Өнерімен де, өмірімен де елге қызмет етіп жүрген тұлғалар аз емес. Солардың қатарында Өтеген Оралбаевтың да есімі құрметпен аталады. Ол - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік қызметтің үздігі, Президент сыйлығының және халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, журналистика академиясының академигі, филология ғылымдарының кандидаты, Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, Жылыой ауданының Құрметті азаматы, мәдениет және қоғам қайраткері.
Өзге ұлт өкілдері де латын қаріпті көне кітаптарды ұстап көрді
Семейде «Тілге құрмет-елге құрмет» атты өзге ұлт өкілдеріне арналған облыстық білім байқауының қатысушылары «Латын қаріпті кітаптар» атты кітап көрмесіне арнайы келді. Шара барысында сирек басылымдар қорындағы сақталған 1929-1940 жылдар аралығында жарық көрген басылымдар таныстырылып, шолу жүргізілді.
Оңтүстікте он айда өнеркәсіп кәсіпорындарымен 684 млн теңгеге жуық өнім өндірілді
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков хабарлады. 2017 жылғы қаңтар-қазандағы Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму жайын баяндаған департамент басшысы өнеркәсіп кәсіпорындарымен 683 808 млн. теңгенің өнімі өндірілгенін атап өтті.
Аймақтар • 18 Қараша, 2017
ОҚО-да орташа жалақы мөлшері 101 мың теңгеден асқан
Оңтүстік Қазақтан облысында ағымдағы жылдың көрсеткіші бойынша орташа жалақы мөлшері 101 117 теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға артып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Футбол • 18 Қараша, 2017
Төрт дүркін чемпион дүркіретіп той берді
Елордада ел біріншілігінде қатарынан төрт рет топ жарған "Астана" футбол клубының футболшыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.