Медицина • 23 Қараша, 2024
МӘМС жүйесінің мүмкіндігі жоғары
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мүмкіндігі барлық тұтынушыға бірдей тимейді. Кім де болса бас ауырып, балтыр сыздағанда апталап кезек күтпей, бірер күнде сапалы медициналық көмекке жүгінгісі келеді. Осы ретте Астанадағы №2 қалалық емхананың басшылығы жұмысты ширатып, МӘМС-тің артықшылығына қатысты түсіндіру жұмысын жүйелі жүргізіп отырады.
Суицид • 23 Қараша, 2024
Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі қоғам назарынан тыс қалмауы керек. Биылғы жылғы статистикалық деректер бойынша балалар арасындағы суицидтің орташа межесі 15-17 жасты құраған. Тіпті, 11-13 жаста өз-өзіне қол жұмсау фактілері де азаймай тұр. Бұл жайттар қоғам алдындағы «Жасөспірімдер суицидінің алдын қалай аламыз?» деген сұрақтың маңызын артыра бермек.
Қоғам • 23 Қараша, 2024
Білім ошағындағы әр жас арманымдағы мамандық иесі атансам деп ниеттенеді. Дегенмен өз қалауынан гөрі ата-анасының ықпалына не ҰБТ-ның шешіміне қарап қалады. Кей деректерге жүгінсек, жоғары білім алғандардың 10-20%-ы ғана өз мамандығымен жұмыс істейді. Демек біздің қоғамда мамандық таңдау мәселесі әлі де өзекті.
Саясат • 23 Қараша, 2024
Рухани дипломатияның маңызын зерделеді
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресейге сапары аясында Мәскеу және Бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті. Іс-шара барысында палата спикері оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезіне шақыруды табыс етті. Кездесуде тараптар рухани дипломатияның қазіргі сын-қатерлерді еңсерудегі рөлін талқылады.
Өндіріс • 23 Қараша, 2024
Қостанай облысы бүгінде сауда-саттық пен экономика саласында 110 мемлекетпен ынтымақтастық байланыс орнатқан. Облыстың сыртқы сауда айналымы 3 млн доллардан асады. Оның 1 млн доллардан астамы ЕАЭО елдеріне тиесілі. Өңірде қазірде шетелдік компаниялардың қатысуымен 6 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Бұл – өңірде ауыр техникаға қажет қосалқы бөлшектер шығаратын ірі өндіріс орындарының пайда болуына, жүздеген жаңа жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік беріп отыр.