Аймақтар • 20 Қараша, 2019
Қызылорда облысында «Жұмыс іздеймін» бос орындар жәрмеңкесі өтті
З.Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйінде аудандық прокуратура, Халықты жұмыспен қамту орталығының және пробация қызметінің ұйымдастыруымен пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарға арналып «Жұмыс іздеймін» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 30 азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Жәрмеңкеге 8 жұмыс беруші мекеме өкілдері қатысып, 58 бос жұмыс орнын ұсынды. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 20 Қараша, 2019
Nur Otan партиясы мен қала әкімдігі жұмысындағы негізгі басымдық — балалар мүддесі
Бір аптаның ішінде кеңес мүшелері қаланың әлеуметтік нысандары мен балалар мекемелерін аралап, тексерді.
Президент • 20 Қараша, 2019
Қазақстан өңірдегі кибер мемлекетке айналуы тиіс – Президент
Цифрландыру – заман талабы. «Astana Hub» отандық инновациялық цифрлық ортаның дамуына мол үлес қосуда деп жазды Президент twitter-дегі парақшасында.
Қоғам • 20 Қараша, 2019
Нұр-Сұлтанда газ бағасы қанша болады?
Үкіметтің баспасөз орталығында өткен баспасөз конференциясында Энергетика вице-министрі Мұрат Жүребеков Нұр-Сұлтан қаласын газдандырудың бірінші кезеңі аясында газ бағасын белгілеу туралы айтып берді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.
Қоғам • 20 Қараша, 2019
Павлодарлық полицейлер пальто ұрлаған күдіктіні ұстады
Павлодар қаласындағы сауда үйлерінің бірінде киім өлшейтін орыннан сатушылар ұрлыққа қарсы сынған датчиктерді тапты. Бутикті жапқаннан кейін тауарды санау кезінде персонал ер адамның пальтосы жетіспейтінін анықтады. Жәбірленушілер полицияға жүгінді. Бұл туралы Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.