Аймақтар • 20 Қараша, 2019

Қызылорда облысында «Жұмыс іздеймін» бос орындар жәрмеңкесі өтті

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

З.Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйінде аудандық прокуратура, Халықты жұмыспен қамту орталығының және пробация қызметінің ұйымдастыруымен пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарға арналып «Жұмыс іздеймін» атты бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 30 азамат жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Жәрмеңкеге 8 жұмыс беруші мекеме өкілдері қатысып, 58 бос жұмыс орнын ұсынды. Бұл туралы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі хабарлады. 

Қызылорда облысында «Жұмыс іздеймін» бос орындар жәрмеңкесі өтті

Бос орындар  жүргізуші, тазалықшы, слесарь, аспаз, тракторшы мамандықтарына сұраныстар болды.

Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған 4 азаматқа бос жұмыс орнына  жолдама берілді.

«Жалпы, жыл басынан бері Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған жәрмеңке осымен үшінші рет ұйымдастырылды. Жұмыссыздықты жою мақсатында ұйымдастырылған бұл шаралар сотталғандарды жұмысқа орналастыру, қылмыстың алдын алуына себеп болуда» деді Арал аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы, әділет капитаны С.Насырова.