Үкімет • 21 Желтоқсан, 2022
Жылу желілерін жөндеу бағдарламасы
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің энергетикалық объектілері мен жылу желілерін тексеру барысы қаралды.
Саясат • 21 Желтоқсан, 2022
Бейбітшілік – ең асыл құндылық
Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН, әнші: – Мұхаммед Хайдар Дулатидің: «Сен әлемді жаулап алма, өйткені онда сансыз қайғы-қасірет бар. Сен одан да адамның жан дүниесін меңгер. Ол жерде қаншама әлем бар екенін көресің» деген сөзі бар. Бейбітшілік – адамның ең ұлы, ең асыл құндылығы екені сөзсіз. Күллі әлемдегі тыныштықтың, бейбітшіліктің ең басты кілті – сарымайдан қыл суырғандай саяси дипломатия, адами қарым-қатынас, мемлекетаралық сыйластық. Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің территориялық тұтастығын, ішкі саясатын құрметтеуі. Ғалымдардың зерттеуіндегі адамзат тарихы алғаш рет хатқа түскеннен бергі кезеңге көз жүгіртсек, соңғы мыңдаған жылда, яғни 5 жарым мың жылда адам баласы 292 жыл ғана тыныштықта өмір сүрген.
Саясат • 21 Желтоқсан, 2022
Тұңғыш форум: баянды байланыстың байламы
Кеше елорда төрінде тұңғыш рет Орталық Азия медиа форумы жұмысын бастады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған ауқымды іс-шараға шетелдерден келген экс-президенттер, халықаралық ұйымдардың басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, медиа саласының майталман мамандары мен танымал тұлғалар қатысып жатыр.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2022
«AMANAT» филиалдарының өңірлік конференциялары басталды
Бүгін Аманаттықтар партия филиалдарының кезектен тыс конференцияларында бірқатар өзекті мәселені талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 20 Желтоқсан, 2022
Қазақстан Ауғанстан тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетті
Қазақстанның Ауғанстандағы елшісі Әлімхан Есенгелдиев БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясының (БҰҰАЖМ) өкілдерімен бірлесіп Пактика провинциясының Бармал уезіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz.