Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Президент: Елорда заманауи урбанистиканың үлгісі болуы керек
Президент үйлесімді қала кеңістігін қалыптастыруға айрықша мән беру қажеттігін және азаматтардың тұрмыс-тіршілігі мен жұмысына барынша қолайлы жағдай жасау барлық деңгейдегі әкімдердің басты міндеті болуға тиіс екенін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Астананы дамыту жөніндегі кеңесте тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ән • 24 Желтоқсан, 2025
«Астана Опера» солисі әйгілі Үлкен театр сахнасында өнер көрсетті
«Астана Опера» театрының солисі Нұрсұлтан Ануарбек Ресейдің Үлкен театрының тарихи сахнасында Рихард Штраустың «Саломея» операсында дирижер Валерий Гергиевтің басқаруымен өнер көрсетті. Әлемдегі жетекші опера сахналарының біріндегі бұл дебют әнші үшін кәсіби тұрғыдан маңызды белес әрі елеулі шығармашылық сынақ болды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Астана әкіміне Smart City жобасын тездетіп аяқтауды тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару саласына озық цифрлық шешімдерді енгізуде Жапонияның тәжірибесіне сүйену қажеттігін айтып, Астана әкіміне елордадағы Smart City жобасын жеделдетіп аяқтауды жүктеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 24 Желтоқсан, 2025
Елімізде сиыр еті неге қымбаттады?
Ет пен ет өнімдерінің бағасы айтарлықтай қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, қараша айының қорытындысы бойынша бұл санаттағы тауарлар бір жылда 21,7 пайызға өскен. Баға барлық ет түрінде көтерілгенімен, ең жоғары өсім сиыр етінде байқалды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 24 Желтоқсан, 2025
Президент: Астана басқа аймақтарға үлгі болуға тиіс
Мемлекет басшысы Oxford Economics 2025 рейтингінде Астана Азия құрлығында 36-орын алғанына назар аударды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.