Ән • 24 Желтоқсан, 2025

«Астана Опера» солисі әйгілі Үлкен театр сахнасында өнер көрсетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана Опера» театрының солисі Нұрсұлтан Ануарбек Ресейдің Үлкен театрының тарихи сахнасында Рихард Штраустың «Саломея» операсында дирижер Валерий Гергиевтің басқаруымен өнер көрсетті. Әлемдегі жетекші опера сахналарының біріндегі бұл дебют әнші үшін кәсіби тұрғыдан маңызды белес әрі елеулі шығармашылық сынақ болды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана Опера» солисі әйгілі Үлкен театр сахнасында өнер көрсетті

фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Әртіс орындаған партия орындаушыдан асқан дәлдікті, мінсіз ырғақ сезімін, ансамбльдік үйлесімділік пен айқын драмалық әсерлілікті талап ететін ең күрделі партиялардың бірі саналады.

Аталған қойылым бұған дейін әйгілі «Метрополитен-опера» театрының қатысуымен сахналанған. Спектакльді дайындауға белгілі шеберлер – режиссер Клаус Гут, сценограф Этьен Плюсс және костюмдер бойынша суретші Урсула Кудрна атсалысқан.

Үлкен театр сахнасындағы бұл өнер көрсету Нұрсұлтан Ануарбектің шығармашылық жолындағы маңызды кезеңнің заңды жалғасына айналды. Бұған дейін ол байқаудың үш іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, Ресейдің Үлкен театры жанындағы Жастар опера бағдарламасына қабылданған болатын. Бағдарлама шеңберінде оқу биыл қараша айының соңында басталды.

Соңғы жаңалықтар