Технология • 21 Желтоқсан, 2022
Блокчейн саласындағы бірегей бастама
Қазақстанда Binance Academy-мен бірлесіп әзірленетін бастама аясында блокчейн-технологиялар бойынша 40 мыңнан астам маман дайындалады. Алғашқы түлектер 2024 жылы қатарға қосылмақ.
Технология • 21 Желтоқсан, 2022
Смартфондардың 6 пайызы ғана 5G-ға сай
2022 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша елімізде ең танымал мобильді телефон атағын Samsung смартфоны жеңіп алған. Statcounter GlobalStats дерегіне қарағанда, оның нарықтағы үлесі 35,6 пайызды құрайды. Басты бәсекелес – Apple үлесі 21,1-ден 24,1 пайызға өскен. Үштікті түйіндейтін қытайлық Xiaomi брендінің үлесі 15,9-дан 19,4 пайызға өскен.
Экономика • 21 Желтоқсан, 2022
Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінде Google for Startups-пен бірлескен Silkway Accelerator бағдарламасының екінші легі қорытындыланды. 15 стартаптың 12-сі үш айда қарқынды дамып, бағдарламадан сәтті өтті. Тіпті қазақстандық стартап-қатысушылардың бірі unicorn (табысы 1 млрд доллардан асатын компания) болуға дайындалып жатыр.
Әдебиет • 21 Желтоқсан, 2022
Тарихи аналар бейнесін сомдаған
Дала сыры дәуірлердің мұңы мен жыры, адамзаттың үні арқылы әспеттеліп жатса, ел мен жер тарихындағы аналар рөлін қайда қоясыз? Осынау ұлы даладағы ұлағатты ұрпақты дүниеге әкеліп қана қоймай, бағып-қағып жеткізуші, махаббат пен мейірім сыйлаушы, керек кезде елдік пен ерліктің туын көтерген аналар бейнесінің тұтас галереясын халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Шәрбану Бейсенованың шығармашылығынан көре аламыз.
Руханият • 21 Желтоқсан, 2022
«Ұлы дала» үздіктері марапатталды
Кеше «Amanat» партиясы «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын қорытындылады. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына және жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған әдеби байқаудың «Поэзия» аталымында «Egemen Qazaqstan» қызметкері Жәнібек Әлиман үздік шықты. Сонымен қатар тағы бір әріптесіміз Абай Аймағамбет арнайы сыйлыққа ие болды.