Қоғам • 31 Желтоқсан, 2021
Елімізде халықтың баспаналы болуына бағытталған байыпты бастамалар аз емес. Соған қарамастан «өз үйі – өлең төсегіне» қол жеткізе алмай салы суға кетіп, сарсаңға түскен отандастарымыз да баршылық. Ал «үйі жоқтың күйі жоқ» екені бесенеден белгілі дүние емес пе? Биыл осы олқылықтың орны толып, ипотека қарызынан құтыла алмай жүрген қазақстандықтардың қарекетіне қан жүгірді. Бұған ең алдымен Мемлекет басшысының тапсырмасымен қолға алынған зейнетақы жинағының бір бөлігін үй алуға пайдалану туралы ұсынысы ұтымды серпіліс берді.
Қоғам • 31 Желтоқсан, 2021
3,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Биыл Алматыда несиелендірудің мемлекеттік бағдарламалары аясында 3,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
Аймақтар • 31 Желтоқсан, 2021
Тәуелсіздіктің жемісін кәсіпкерлер көре бастады. Өйткені оларға мемлекет тарапынан кәсібін кеңейтуге қолдау көрсетіліп отыр. Бұл кәсіпкерлерді жаңа жұмыс орындарын ашуға ынталандырғаны даусыз.
Қазақстан • 31 Желтоқсан, 2021
Қазақстан өз азаматтарын қорғаусыз қалдырмайды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихында әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімізбен қатар саяси-идеологиялық саладағы жеңістеріміз де көп болды. Әсіресе, ақпарат кеңістігінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабы «Республика өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік береді» тармағының жүзеге асырылу көрінісі немесе «біз өз адамдарымызға қамқорлық жасаймыз» ұраны мемлекеттік идеологияның маңызды бағытына айналып отыр.
Экономика • 31 Желтоқсан, 2021
Инвестициялық тартымдылықты арттыру маңызды
Nur Otan партиясы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында шетелдік инвестицияларды тартудың өзекті мәселелері қаралды.