Кәсіпқой бокс • 30 Желтоқсан, 2021

Рейносо Альварес-Головкин трилогиясына қатысты пікір білдірді

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварестің бапкері Эдди Рейносо шәкіртінің алдағы жекпе-жектері туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz sports.kz-ке сілтеме жасап. 

Рейносо Альварес-Головкин трилогиясына қатысты пікір білдірді

Бұған дейін мамандар Сауль Альварес пен Давид Бенавидес арасында шайқас өткізу туралы бірнеше мәрте өз пікірлерін айтып, ұйымдастырылған жағдайда аталмыш жекпе-жектің тартысқа толы болатындығына сенімді екендіктерін жеткізген еді. Рейносо бұл тақырыпты сырт айналып өткен жоқ.

«Давидтің рекордтарына қарап, оның кімдермен жұдырықтасқанын айқын түсінуге болады. Мықтылардан ешкімді жеңген жоқ. Оның басты жеңісі – Энтони Диррелден айласын асырғаны. Алайда Диррел екінші орта салмақ дәрежесінде айтарлықтай табысқа қол жеткізген жоқ. Бір анығы ол айтарлықтай мықты боксшы емес. Үшінші сұрыпты боксшыларды жеңгенімен мақтанбаса, басқа ештеңесімен мақтана алмайды.

Екінші орта салмақ дәрежесінде Сауль екі боксшымен қолғап түйістіргенді мақұл көреді. Олар Джермалл Чарло және Геннадий Головкин», деді бапкер өз ойын түйіндеп.