Білім • 13 Желтоқсан, 2023
Алматы облысындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Олимпиадалық есептерді шешудің тиімді жолдары» атты екі күндік семинар-кеңес өтті. Оған негіз де жоқ емес. Осы жазда «Балдәуренде» академик Мұхтарбай Өтелбаевтың математикалық танымдық орталығы ашылған болатын.
Қаржы • 13 Желтоқсан, 2023
Сақтандыру төлемі 6,4 млрд теңгеден асты
Соңғы мәліметтерге сәйкес «Евразия» сақтандыру компаниясы Түркияның оңтүстік шығысында орын алған алапат жер сілкінісінен зардап шеккендерге халықаралық мүлікті қайта сақтандыру бағдарламасы бойынша кезекті 2,4 млн еуро немесе 1,2 млрд теңге төлем жасаған. Осылайша, отандық сақтандыру компаниясының жалпы төлем сомасы 13 млн еуро немесе 6,4 млрд теңгеге жетті. «Евразия» СҚ – Түркиядағы жер сілкінісінен кейін сақтандыру төлемін жүзеге асыруға шыққан Қазақстандағы жалғыз компания екендігін бөле-жарып айта кеткен жөн.
Қоғам • 13 Желтоқсан, 2023
Самокатшыларға куәлік керек пе?
Елімізде қала көшелерінде самокат айдаушылардың жол ережесін бұзып, көлік апаттарына себеп болуына байланысты биылдан бастап оларға жүргізуші куәлігін алу міндеттелген болатын. Куәлікті алу үшін қайда бару керек?
Кино • 13 Желтоқсан, 2023
Киноның көркі болған Сағи бейнесінің сағым-сағынышқа айналғанына да біраз жыл өтті. Бірақ оның фильмде сомдаған Шоқанын көріп, сұлу сұлбалы сырбаз жігіттің оттай жанған жанарына қарап-ақ жарты әлемді ұмытқандай боласың. «Қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы – ұлтымыздың кемеңгер ұлы Шоқан өмірде дәл осындай-ақ болған шығар» деген сезім ұзақ әсерлендіретіні де рөлдің сәтті шыққандығынан болса керек. Мұндай кезде: «Актердің кейіпкер болмысына дендеп енгені соншалық, Шоқандай теңіз тұлғаның түпсіз терең иірімі Сағиды да өзімен бірге шексіз шыңырауына үйіріп әкетті ме екен...» деген тылсымы басым түсініксіздеу ойдың және дендейтіні бар... Қалай десек те, бұл – тағдыр. Уақыт-ағзам алақанындағы өмір-өрісі аққан жұлдыздай келте қайырылған қос таланттың тағдыры да бірін бірі айна қатесіз қайталағандай ма?..
Таным • 13 Желтоқсан, 2023
«Әлемді сұлулық құтқарады» деді Достоевский. Пикассо: «Еңбек пен әйел өмірді ұзартады» деген тұжырымды ой айтты. Бақсақ, қайбір ұлы шығарманың бойында алтын кездіктей жарқырап әйел бейнесі мұнартады.