Аймақтар • 19 Желтоқсан, 2025
Түркістанда құлаған көпірдің орнына жаңасы салынады
Келес ауданы аумағындағы ұзақ жылдардан бері пайдаланылып келе жатқан Келес өзенінен өтетін көпір бірнеше күн бойы жауған нөсер жаңбырдың салдарынан тірек бағандарының түбі шайылып, құлаған болатын. Ескі көпірдің орнына жаңасын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Желтоқсан, 2025
Жапония Қазақстанның маңызды экономикалық әріптесі
Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың маңызды бағыттарының бірі – экономикалық ынтымақтастық. Жапония Қазақстан экономикасындағы ірі шетелдік инвесторлардың қатарына кіреді. Жиналған тікелей инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 8,5 млрд долларды құрайды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 19 Желтоқсан, 2025
Президент Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Komatsu компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Хироюки Огаваны қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы Komatsu компаниясы еліміздің тау-кен инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан сенімді әрі уақыт тезінен өткен серіктесі саналатынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 19 Желтоқсан, 2025
Ақтауда 13-ші мектеп ашылды: Өңірдегі ұлттық жоба сәтті қорытындыланды
Маңғыстау өңірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жоспарлы түрде толық аяқталды. 18 желтоқсан күні Ақтау қаласының 16 шағынауданында 1500 орындық заманауи №35 жалпы білім беретін мектеп пайдалануға берілді. Бұл облыс бойынша аталған жоба аясында салынған соңғы, яғни он үшінші білім ошағы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 19 Желтоқсан, 2025
Сүтті терең өңдейтін зауыттың алғашқы кезеңі аяқталды
Солтүстік Қазақстан облысында сүтті терең өңдеуге арналған жаңа зауыттың бірінші кезеңінің құрылысы аяқталып, өндірістік жабдықтарды монтаждау жұмысы тәмамдалды. Республикалық маңызы бар ірі инвестициялық жоба отандық өнімді барлық өңірге жеткізуге жол ашады, деп хабарлайды Egemen.kz.