Аймақтар • Бүгін, 11:45

Түркістанда құлаған көпірдің орнына жаңасы салынады

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келес ауданы аумағындағы ұзақ жылдардан бері пайдаланылып келе жатқан Келес өзенінен өтетін көпір бірнеше күн бойы жауған нөсер жаңбырдың салдарынан тірек бағандарының түбі шайылып, құлаған болатын. Ескі көпірдің орнына жаңасын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда құлаған көпірдің орнына жаңасы салынады

Көпір 1970 жылдары салынған. Ұзындығы – 54 метр, ені – 11 метр, биіктігі – 6,5 метр. Аталған көпір арқылы Ұшқын ауылдық округіне қарасты Достық, Қоралас және Ұшқын елді мекендерінің тұрғындары Абай ауылымен көлік қатынасын жүзеге асырған. Орташа жөндеу жұмыстары 2010 жылы жүргізілген, ал 2024 жылы «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан жағалауды бетонмен бекіту және өзен түбіне ірі тас төсеу жұмыстары атқарылыпты.  

көпір

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов жауапты сала басшыларымен бірге көпірдің құлауына байланысты оқиға орнына барып, көшпелі кеңес өткізді. Кездесу барысында жаңа көпір салу мәселелері талқыланып, тиісті ұйымдастыру жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жобалау ұйымымен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Автокөлік қозғалысы уақытша айналма жолдар арқылы ұйымдастырылған. Сонымен қатар, көпір арқылы өткен «Дарбаза» ТСЖ-ның су құбыры зақымдануына байланысты Ұшқын елді мекеніндегі 136 үйге тәулігіне екі рет арнайы автоцистерналар арқылы су жеткізіліп жатыр. Қалыптасқан жағдайға байланысты Ұшқын елді мекеніндегі 40 оқушы ағымдағы тоқсан аяқталғанға дейін қашықтан оқыту форматына ауыстырылған.

Соңғы жаңалықтар

Елімізде бір жылда 795 мың қалдық жиналды

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:20