Үкімет • 08 Желтоқсан, 2023
Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа жобалар 3 жылға салықтан босатылады
Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар басшылары және дипломатиялық корпус пен жеке бизнес өкілдерінің қатысуымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді. Кеңесте негізінен салық саясаты саласында жүргізіліп жатқан реформалар, инвестициялық ынтымақтастық, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау және т. б. мәселелерге назар аударылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 08 Желтоқсан, 2023
Бүгін бірнеше өңірде оқушылар қашықтан оқиды
Астанада бүгін қатты аязға байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып аралығындағы оқушылар қашықтан оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 08 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін қолдау мақсатында құрылған «Qazaq tili» Endowment Qory-на алғашқы жарнаны аударды. Президенттің өз қаражатынан қосқан жеке жарна көлемі – 7 миллион теңге. Мемлекет басшысының жаңадан құрылған қордың қызметін қолдауға жеке қатысуы ел басшылығының мемлекеттік тілдің мәртебесін дамыту және нығайту мәселесіне ерекше көзқарасын көрсетеді. Бұл – өте жақсы үрдіс және басқа үкімет өкілдері үшін үлгі.
Сұхбат • 08 Желтоқсан, 2023
Сот жүйесін жетілдіру – қоғамның әділ талабы
Сот жүйесін жетілдіру, бұл бағыттағы шараларды сапалы жүзеге асыру – заң үстемдігін қамтамасыз етудегі басты басымдықтың бірі. Себебі қарапайым халықтың сот пен судьяға деген сенімі билік пен мемлекетке деген сеніммен бірдей. Мемлекет басшысы жариялаған сот реформасының жүзеге асырылу барысы қалай? Сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталған шаралардың нәтижесін халық сезіне алды ма? Сот жүйесін дамыту бағытында қолға алынған заңнамалық бастамалар мен ұзақмерзімді міндеттер қалай орындалып келеді? Біз салаға қатысты қоғамда талқыланып жүрген осы және өзге де сұрақтарды Жоғарғы сот төрағасы лауазымына тағайындалғанына бір жыл болған Асламбек Мерғалиевке қойған едік.
Үкімет • 08 Желтоқсан, 2023
Үкіметте Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялық штабтың жаңа форматтағы бірінші отырысы өтті.