Қоғам • 10 Желтоқсан, 2024
Спорт кешенін салған зейнеткер
Жетпістен жасы асқанда да аттан түспей, қыруар шаруа атқарып, абыройға бөленіп жүрген атпал азамат Оңалбек Әуелбековтің өнегелі өмір жолы көпке үлгі. Зейнеткердің туған ауылына заманауи үлгіде спорт кешенін салып беруі мақтауға да, мақтануға да татитын іс.
Пікір • 10 Желтоқсан, 2024
Батыстың дамыған ел болуы білім, мәдениет, құндылықтарды сақтау, қарапайымдылық пен кішіпейілділік, мейірімділік секілді мінез-құлық, әдеп-әдеттің оң әсерінен екені белгілі. Бірақ елдің өркендеуі мен халықтың жақсы тұрмысы ең алдымен олардың үнемшілдік мәдениетінде жатыр.
Қоғам • 10 Желтоқсан, 2024
Салалық журналистикаға бетбұрыс бола ма
Салалық журналистиканың келешегі бар ма? Оны дамыту үшін не істеу қажет? Атырауда осындай сауалдар талқыланған республикалық семинар өтті. Семинар тақырыбы – «Мұнай-газ, экологиялық бағыттардағы салалық журналистиканың ерекшеліктері».
Сұхбат • 10 Желтоқсан, 2024
Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ: «Таза бейсенбі» – ортақ мақсатқа топтастыратын маңызды жоба
Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Amanat» партиясының «Таза бейсенбі» эко-челленджі жалғасты. Қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруды көздеген бастамаға әр апта сайын еліміздің түкпір-түкпіріндегі ерікті жастар, белсенді студенттер, түрлі мекеме қызметкерлері мен ғалымдар да атсалысып келеді. Осы орайда партия хатшысы Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВТАН жалпыұлттық науқан аясында атқарылып жатқан жұмыс төңірегінде сұхбаттасқан едік.
Егемен Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2024
«Егемен» жүз беске толды деген жылы хабарды естігенде жадымда өткен өмірдің өртең жылдары жаңғырды. Өтпелі кезеңнің көк мұхиттай өкірген өксік пен өртке, сенім мен сертке толы қиын сәттері еске түсті. Ыдыраған империяның орнында пайда болған тәуелсіз жас мемлекеттің әлі оң-солын толық танып үлгере қоймаған, тәуелсіз ел болудың алғышарттарын да әлі игере қоймаған кезі. Ел іші толқыны тоғыз валды долы мұхиттың көзсіз құшағында қалған кемедегі адамдардың үрейлі халін бастан өткізгендей күй кешкенін қалай ұмытуға болды? Ауыр күндердің ел иығына қалай батып, халықтың тұрмыс тауқыметін қалай тартқаны еріксіз еске түседі…