Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2019
Мемлекетке тән емес қызметтер жайы талқыланды
Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік орган өкілдері мен кәсіпкерлер бас қосып мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру туралы мәселені талқылады. Бұл туралы аталмыш палатаның баспасөз қызметі хабарлады.
Медицина • 10 Желтоқсан, 2019
Туберкулез дерті екі сағатта анықталады
Негізгі мақсат құрт ауруының алдын-алу және өлім-жітімді азайту. Ағымдағы жылдың 10 айында Ақмола облысында туберкулез дертінің таралу деңгейі 13,7 процентке төмендеген. Өлім-жітім көрсеткіші 1,4 процентті құрап отыр. Сала мамандары өңірдегі дерттің таралу деңгейін саралап, емдеудің тың тәсілдерін қолданатындарын айтып отыр.
Хоккей • 10 Желтоқсан, 2019
Шайбалы хоккей: «Барыс» «Авангардты» ұтты
Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Омбыда өткізген Нұр-Сұлтанның «Барысы» жергілкті «Авангард» клубынан айласын асырды.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2019
Жаңаөзенде барлық сала мамандары ашық есік күнінде кеңес берді
Жаңаөзен қаласында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының филиалында кәсіпкерлер мен шаһар тұрғындарына арналған ашық есік күні өтті. «Нұр Отан» партиясы МОФ бастамасымен ұйымдастырылған шараға облыс орталығынан барлық сала мамандары барды. Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметі хабарлады.
Ауыр атлетика • 10 Желтоқсан, 2019
Ауыр атлеттер Катарға аттанады
19-24 желтоқсан аралығында Катардың бас шаһары – Дохада ауыр атлетикадан лицензиялық турнир өтеді. Бұл жарыста Қазақстанның намысын жеті спортшы қорғайды.