Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Елорда әкімі прокурорларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Елорда әкімі Алтай Көлгінов прокуратура ардагерлері мен қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады. Ерекше көзге түскен қызметкерлерге төсбелгілер, медальдар мен грамоталар табыс етілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 06 Желтоқсан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бұрынғы Федералдық Президенті Хорст Кёлермен кездесті
Кездесу барысында тараптар келер жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымы министрлерінің конференциясына дайындық барысын, Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясындағы ықпалдастық шараларын, сондай-ақ, әлемдегі саяси ахуалды талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Сирек кітаптар музейінде латын графикасындағы баспа ескерткіштері сақталған
«Ғылым ордасы» РМК Сирек кездесетін кітаптар музейі Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында экспозицияға қоғамдық-тарихи маңызы зор XX ғасырдың 20-40 жылдар аралығындағы латын графикасында жарық көрген баспа мұралары сақталған.
Президент • 06 Желтоқсан, 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысты
Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Берлин еуразиялық клубы өз маңыздылығын дәлелдегенін атап өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Қазақтың музыкалық археологиясының даму жолдары талқыланды
Қазақтың музыка аспаптары ұрпақтан-ұрпаққа бойы мирас болып жеткен, көнеден келе жатқан мәдени мұрасы. Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Археологиялық қазба жұмыстарынан табылған көне музыкалық аспаптар: жиналу және зерттелу мәселелері» тақырыбында өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ұлттың музыка мұрасының бүгіні мен келешегі талқыланды.