Үкімет • 05 Желтоқсан, 2023
Қабылданған құжаттардың орындалу барысы қаралды
Кооперациялық жобаларды іске асыру барысына мониторинг жүргізу және импортты алмастыру бойынша жүйелі түрде жұмыс істеу жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті.
Құрылыс • 05 Желтоқсан, 2023
Жаңа әлеуметтік нысандар салынады
Елімізде алдағы жылдары мемлекет-жекеменшік әріптестігі арқылы бірсыпыра жаңа әлеуметтік нысандар ашу жоспарланып отыр. Премьер-министр Әлихан Смайылов Әлеуметтік саладағы МЖӘ-ні дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы қаулыға қол қойды.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023
Бүгін – Халықаралық волонтерлер күні. Еріктіліктің қуаты мен әлеуетін атап өтетін мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы осыдан 38 жыл бұрын бекітті. Бүгінде алты құрлықтағы 8 миллиард адамның 1 миллиардқа жуығы –қоғамға мейірім сәулесін шашып жүрген волонтерлер. Бұл – үлкен күш. Қазақ елінде қанша волонтер бар? Оларға мемлекет тарапынан қандай қолдау көрсетіліп жатыр?
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023
Халықаралық волонтерлер күніне орай елімізде қысқы мейірімділік акциясы басталды. Бұл туралы халықаралық волонтерлер симпозиумында айтылды. Іс-шарада шетелдік спикерлер әлемдегі волонтер қызметінің жағдайын талқылап, тәжірибелерімен бөлісті. Олардың айтуларынша, мұндай жиындар волонтерлік қауымдастықты нығайтуға мүмкіндік береді.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2023
Қызылордада «Анаға тағзым» атты үшінші республикалық Аналар форумы өтті. Үшінші рет ұйымдастырылған форумға жан-жақтан жиылған қонақтар жуырда ғана ашылған «Анаға тағзым» орталығында бас қосты.