Экономика • 05 Желтоқсан, 2024
Отандық өнімнің орнын ойсыратпайық!
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) сауда желілері мен ірі сауда орындарының азық-түлік сатуға байланысты көрсететін қызметін талдаудың нәтижесін жариялады. Сауда желілерінің өндірушіге міндеттейтін қосымша қызметтерден түскен пайдасы жалпы табысының 70%-ына дейін жетеді. Ал сауда үстемесінен алынатын пайда тек 30%-дан сәл ғана асады.
Қоғам • 05 Желтоқсан, 2024
«Самұрық-Қазына» қолдауымен ерекше қажеттілігі бар жастар IT мамандықтарын меңгерді
Астанада «OrleTECH 3.0» қайырымдылық жобасы аясында ерекше жастарға арналған оқудың қорытындысы шығарылды.
Экономика • 05 Желтоқсан, 2024
Халықаралық қаржы институттары «Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесіне сенім білдірді
«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы Нұрлан Жақыпов Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) басшылығымен кездесті. Тараптар серіктестік пен Қордағы компаниялар тобының инвестициялық жобаларын қолдау мәселесін талқылады.
Сұхбат • 05 Желтоқсан, 2024
Берік АСЫЛОВ, Бас прокурор: Жоғары қадағалау – абыройлы міндет
Жыл сайын 6 желтоқсанда елімізде Прокуратура күні атап өтеді. Өйткені 1991 жылы дәл осы күні Қазақстан Республикасының жоғары қадағалау органының жүйесі бекітілген еді. Тәуелсіздік жылдары прокуратура қоғамда заң мен құқықтық тәртіпті нығайтуда мемлекет тірегіне айналды. Биыл прокуратура халықты әлеуметтік қорғау, жеке кәсіпкерлер мен инвесторлардың, экономикалық сектордағы азаматтар мен мемлекеттің мүддесін қорғау, заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару, қылмыстық істерді тергеу, мемлекеттік айыптауды қолдау, құқықтық процестерді цифрландыру, халықаралық ынтымақтастық және басқа да бағыттарда заңдылықты күшейтуде жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Кәсіби мереке қарсаңында еліміздің Бас прокуроры Берік Асыловпен сұхбаттасудың сәті түсіп, жоғары қадағалау органы жұмысының маңызды аспектілері туралы кеңінен сөз қозғадық.
Сараптама • 05 Желтоқсан, 2024
Күпті көңілді сейілтетін «Күміс жас»
Еліміздегі күрмеулі әлеуметтік мәселенің бірі жұмыссыздықты азайту мақсатында бірнеше жоба, бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр. Соның бірі – «Күміс жас» жобасы. Елуге таяғанда, зейнет жасына жетпей жұмыссыз қалған жандардың көңіліне жалау жобаның жүзеге аса бастағанына екі жылдың жүзі болды. Игі бастаманың баянды болғаны қашанда маңызды.