Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019
Балалар үйінің тәрбиеленушілері аспаздықты меңгерді
Біздің қоғам дәл қасымызда ата-аналарының аялы алақаны мен тәрбиесін көре алмай өсіп келе жатқан буынның да бары екенін ұмытпауға ұмтылып келеді. Бір қуанарлығы, бүгінгі таңда осы бағыттағы бастамалар легі көбейді. Мәселен, Qaganat желісінің бренд-шефі балалар үйі мен мектеп-интернаттың жоғары сынып оқушыларын кәсіпқойлықпен дәмді ас дайындауға үйретті.
Қазақстан • 04 Желтоқсан, 2019
Бахрейнмен әуе қатынасы туралы келісімге қол жеткізілді
Қазақстандық делегация Польшаның авиациялық билігімен келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2019
Көпбалалы отбасыларға жәрдемақы: құжаттар тапсыру мерзімі шектелмеген
4 және одан да көп балалары бар қазақстандықтарға көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін қысқа мерзімде құжаттар тапсыруға ұмтылып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында шоғырлану қажет емес. Жәрдемақыны алу құқығын рәсімдеу мерзімі шектелмеген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 04 Желтоқсан, 2019
Қ.Тоқаев «Deutsche Welle» телерадиокомпаниясына сұхбат берді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жоспарлаған ресми сапарының қарсаңында «Немецкая волна» телерадиокомпаниясына сұхбат берді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2019
Елордалықтар Бибігүл Төлегенованың 90 жылдық мерейтойын атап өтті
«Астана Опера» МОБТ сахнасында Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың мерейтойы салтанатты түрде аталып өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.